Қытайда 70 тонна жарылғыш зат тиеген 2 жүк машинасы жарылды

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Қытайдың оңтүстік-батысындағы Фуцюань қаласында жарылғыш заттар тиеген екі жүк машинасы жарылды, деп хабарлады BNews.kz порталы.

«Синьхуа» агенттігі хабарлағандай, алапат жарылыстың салдарынан 7 адам қаза тауып, 200-ге тарта зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың 20-дан астамы ауыр жараланған.

Төтенше оқиға жергілікті уақыт бойынша 11:30 шамасында орын алды.