Қытайда 800 жыл бұрынғы махаббат драмасының қолжазба көшірмесі көрсетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда Шэньян қаласында (Солтүстік-Шығыс Қытай, Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы) «Батыс флигелі» атты белгілі драманың қолжазба көшірмесінің үзіндісі көрсетілді.

"Батыс флигелі" -романтикалық комедия жанрындағы ежелгі Қытайдың қытайлықтарға танымал драмалық туындысы, авторы драматург Ван Шифу /1260-1316 жж./. Картина ата-аналары қарсы жас ғалым мен жоғары лауазымды шенеуніктің қызы арасындағы махаббатқа арналған. Оқиға жастардың қосылуымен аяқталады.

Үзіндіні 1986 жылы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында жергілікті малшы тапқан, деп жазады Синьхуа.