Қытайда 900 мыңнан астам адам нөсерлі жабырдың салдарынан зардап шекті
Бұл туралы бүгін жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасай отырып, ИТАР-ТАСС хабарлайды.
Табиғаттың тосын мінезі автономды аудандағы 13 қала мен 44 уезді жайпап өтті. Хабарланғандай, ауылшаруашылық жерлерінің 51 мың гектар алқабына зақым келтірілді, 3,1 мыңнан астам тұрғын үй қирады. Гуанси-Чжуан автономды ауданына келтірілген шығын 389 млн. юаньді (61, 15 млн. долларды) құрады.
226 мың тұрғын қауіпсіз аудандарға көшірілді. Билік өкілдері келтірілген шығынның көзін жою үшін 3,5 млн. юань (555 мың доллардан астам) қаражат бөлді, сондай-ақ қираған аудандарға гуманитарлық көмек жөнелтті.
Оңтүстік-батыс Гуйчжоу және шығыстағы Цзянси елді мекендерінде де жаңбыр нөсерлетіп тұр. Синоптиктердің болжамы бойынша, Қытайдың оңтүстігінде жаңбыр бүгін басылады.