Қытайда А/H1N1 тұмауы вакцинасын клиникалық зерттеудің бірінші кезеңі аяқталды

БЕЙЖІҢ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Қытайда А/H1N1 тұмауы вакцинасын алдын ала клиникалық зерттеудің бірінші кезеңі аяқталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

Өндіруші-компанияның ақпараты бойынша, зерттеу препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсеткен.

Sinovac Biotech компаниясы А/H1N1 тұмауы вакцинасын клиникалық зерттеуді жүргізуді шілденің 22-сінде бастаған болатын. Зерттеудің алдын ала бөлігі тамыздың 15-інде аяқталды, оған үш жастан бастап 1614 ерікті қатысты.