Қытайда А (H1N1) тұмауына қатысты карантиндік шаралар енгізілді
13:41, 04 Мамыр 2009
БЕЙЖІҢ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Мәдина Мейірім/ - Қытай Халық Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі өткен аптада Гонконгта «доңыз тұмауы» деп аталып жүрген А (H1N1) вирусының алғашқы оқиғасы тіркелуіне байланысты,
қатерлі індеттің алдын алу жөніндегі жедел шаралар қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қытай бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сәуірдің 30-ы күні Мехико-Шанхай рейсімен ұшып келген жолаушылардың көпшілігі, тұмаудың аталған вирусы анықталған Мексика азаматымен бірге бір апталық карантинге жабылып отыр. Атап айтқанда Шанхайда ? 68 адам, Бейжіңде ? 17 адам карантинде. Министрлік сондай-ақ аурудың алдын алу және бақылау шараларын қатайтып, А (H1N1) вирусын өкпенің әдеттен тыс қабынуы, СПИД/ВИЧ және вирустық гепатит сияқты аурулармен бір тізімге енгізіп отыр.