Қытайда «адам-пілдің» бетіндегі салмағы 1,5 келі ісікті алып тастады - ФОТО

None
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытайда адам-пілдің бетіндегі үлкен ісік алынып тасталды. Оның салмағы - 1,5 келі.

Ал салмағы 17,5 келі болатын басқа ісік оған 2007, 2008 жылдары жасалған ота кезінде алынып тасталған. Хуань Чункай есімді қытайға соңғы ота 25 желтоқсан күні жасалды.

29 желтоқсан күні ер адам 36 жасқа толады. Оның бетіндегі үлкен ісіктер бала кезінде пайда болған. Төрт жасында сол жақ көзіне кішкентай өскін шыққан. Жасөспірім шағында сол көзі мүлде көрмей қалса керек. Одан ісік ұлғайып, ер адам тіктеп жүруден де қалған. Салдарынан омыртқасы қисайып кеткен. Сол себепті оның бойы қазір небәрі 1,35 метрді құрайды.

Медицина қызметкерлері науқасқа кем дегенде тағы екі ота жасау керек деп санайды.