«41 жастағы ер адам 23 сәуір күні дене қызуының көтерілуінен қалтырай бастаған. Сонымен қатар басқа симптомдар да белгі берген. 28 сәуір күні ол ауруханаға түскен. Қазіргі кезде науқастың жағдайы қалыпты, ауруханадан шығуға болатын стандарттарға сай», - деді Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет.
28 мамыр күні Қытай ауруларды бақылау және алдын алу орталығы жүргізген зерттеу бойынша H10N3 вирусын жұқтыру фактісі расталды.