Қытайда «ақырзаманды» насихаттаған 1 мыңнан астам адам қамауға алынды

БЕЙЖІҢ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытайда таяп қалған «ақырзаман» туралы қауесеттерді таратқаны үшін ұсталғандардың саны 1 мыңнан асты,

олардың басым дені - «Құдіретті Құдай» христиандық сектасының мүшелері, деп хабарлайды жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап ҚазАқпараттың Бейжіңдегі арнаулы тілшісі.

1990 жылы Хэнань провинциясында негізі қаланған «Құдіретті Құдай» сектасының табынушылары барша адамдарға «ақырзаманнан» құтқарып қалуды уәде етуде.  Секта мүшелерінің болжауынша, жұма күні үшкүндік түнек орнайды, ал апокалипсистен кейін жаңа дәуір басталады, онда барша әлемді «Әйел-Иисус» басқаратын болады, деп хабарлады Global Times.

Мемлекеттік БАҚ-тар бұл топты «зұлымды дін» деп атауда.

Адамдардың үрейін басу үшін, полиция апокалипсис туралы қауесеттерді таратқан секта мүшелерін қамауды қайта жүргізді.  Цинхай провинциясында оның - 400-ден астам, Гуйчжоуда 350 мүшесі ұсталды. Сондай-ақ Гуандун және Сычуань елді мекендерінде діни ағымның 100-ден астам табынушысы тұтқындалды. 10-нан астам мүше Қытай астанасы Бейжіңде ұсталды. Бейжіңдік полиция Интернетке «ақырзаман қауесет қана болып табылатындығы» туралы ақпарат орналастырды.