Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың соты басталды

Фото: None
ГУАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - ҚХР Гуандун провинциясы Гуанчжоу қаласының бірінші сатыдағы сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін қайта қарау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

Отырысқа үш судья, екі айыптаушы, екі қытайлық адвокат және қазақстандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов, ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі консулдық бөлімінің жетекшісі Болат Сырлыбаев, аудармашы, стенографист, екі жасауыл, Ақжарқын Тұрлыбай және ҚХР аккредиттелген «ҚазАқпарат» ХАА және "Хабар 24", "Хабар" журналистері қатысуда.

 

Аудармашының болуына қарамастан Ақжарқын оның қызметінен бас тартып, сот процесін қытай тілінде өткізуді ұйғарды.

 

Ақжарқынның шаш үлгісі - каре. Үстіне ақ футболка киген. Адвокаттар оның кісенін шешіп, жылы киім кигізуді сұрады. Сот өтінішті қанағаттандырды.




 

Еске сала кетейік, 21 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын.  Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген.

 

Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айналысты деп айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2016 жылы  7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот  Ақжарқын Тұрлыбайдың өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы етті. 

 

 

Соңғы жаңалықтар