Қытайда алапат дауылға байланысты қауіптің жоғары деңгейі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік шығыс жағасына жақындап қалған 'Токагэ' жойқын дауылынан ел ішінде қауіптің жоғары деңгейі жарияланды.

Бұл туралы жексенбі күні Қытайдың Мемлекеттік метеорологиялық орталығы хабарлады.

Тайфун Оңтүстік Қытай теңізінде түзілген және солтүстікке қарай 10 км/с жылдамдықта келе жатыр. Фуцзянь, Чжэцзян, Гуандун, Хайнань провинциялары мен Гуанси-Чжуан автономды өлкесінде ауа райының күрт нашарлауы мүмкін. Қазіргі уақытта билік алдын алу шараларын жасауда.

Оңтүстік Қытай теңізіндегі кемелерге портқа қайту жөнінде кеңес берілді.

"Токагэ" - жыл басынан бері ҚХР тап болған 25-ші жойқын дауыл. 

Фото: © AP Photo/Nishinippon Shimbun, Takuya Okabe