Қытайда әлемдегі ең үлкен қолшатыр дайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Синцзы уезі Цзянси провинциясында әлемдегі ең үлкен қолшатыр жасалды.

Оның биіктігі 14,4 метр, диаметрі 23 метр, ал салмағы 5,7 тонна. Қолшатыр автоматты түрде ашылып-жабылады. Бұл процеске 14 минут уақыт кетеді, деп хабарлады epochtimes.ru.

Алып құрылым Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең ірі қолшатыр болып енді. Оның құны 700 000 юаньды ($113 000) құрады. Қолшатырды жарты жыл жасаған.

Осыған дейін Үндістандағы қолшатыр ең үлкені болып есептелетін еді.

Оны 2010 жылы орнатқан. Оның биіктігі 10,97 метр, диаметрі - 17,09 метр, салмағы 2,2 тонна.