FAST (Aperture Spherical Radio Telescope) телескобының диаметрі 500 метрді құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша обсерватория әлемдегі ірі телескоп - Пуэрто-Рикодағы Аресибо (диаметрі 305 метр) обсерваториясын басып озады.
FAST (Aperture Spherical Radio Telescope) радиотелескобы Гуйчжоу провинциясының оңтүстік-батысына орналастырылады. Үш бұрышты нысанның 4450 панелін монтаждауға құрылысшылар биыл 23 шілдеде кірісті.
Құрылыс 2011 жылы басталған, 2016 жылы аяқталады. Жаңа телескоп құны 100 миллион долларға бағалануда.