Бұл елде осындай материалдан салынған екінші көпір болады, деп жазады epochtimes.ru.
Ғажайып көпірдің құрылысын Haim Dotan сәулет компаниясы жүргізеді. Ұзындығы 430 метр, ені 6 метр болатын толығымен тұнық шыны көпір жобаға сәйкес Чжанцзяцзе Үлкен шатқалының үстінен салынады.
Бұл көпірдің болашақта туристердің ең көп келетін жері болуының барлық мүмкіндіктері бар.
Әзірге ең биік көпір - Гонконгтағы Макао мұнарасындағы алаң. Оның биіктігі 233 метр, ал шыны көпірдің үстіндегі жаңа алаңша 293 метр биіктікте орналасатын болады.