Қытайда әлемдегі ең ұзын жәндік табылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда әлемдегі ең ұзын жәндік анықталды. Түрі дәуітке ұқсайтын - Phobaeticus chani таяқшасы Гуанси провинциясынан табылған. Жәндіктің ұзындығы 624 мм-ге дейін жетеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Бұған дейін ағаштың бұтағы тәріздес жәндіктің ұзынын 1989 жылы Калимантан аралында жергілікті тұрғындар тапқан. Оны натуралист Чэнь Чжаолун зерттеген. Сол жолы табылғанның ұзындығы - 56,7 см болды.