Қытайда әр отбасында екі баладан болуын міндеттеуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шаньсидің отбасын жоспарлау комиссиясының директоры Мэй Чжицян елде демографиялық саясатты шұғыл өзгерту керек екендігін айтты, деп жазады Росбалт.

Шенеуніктің айтуынша, 1979 жылдан жүргізіліп келе жатқан «бір отбасы - бір бала» саясаты 2013 жылдан бастап жұмсартылғанымен бұл ұлттың қартаю мәселесін шешіп бере алмайды. Сондықтан ол: «әр жанұяда екі бала болуын міндеттеу керек», - дейді.

Бұл мәлімдеме қазірдің өзінде қызу пікірталас тудырып жатқан көрінеді. The Global Times басылымының жазуынша, тікелей қысым көрсеткеннен гөрі бұл саясатты жүзеге асыру үшін ынталандыру жұмыстарын қолға алу керек. Ал бірден міндеттеген жағдайда ел ішінде наразылық тууы мүмкін.