ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян қол қойған №53 құжатта Қытай үкіметінің құрылымына өзгерістер енгізу қарастырылған. Атап айтқанда, Ардагерлер істері жөніндегі (отставкадағы әскерилер) жаңа министрлік, Көші-қон жөніндегі мемлекеттік басқарма, Халықаралық ынтымақтастықты дамыту кеңсесі, Медициналық сақтандыру мемлекеттік бюросы құрылмақ.
Сондай-ақ Жер және табиғи ресурстар министрлігі, Мемлекеттік океанологиялық басқарма, Геодезия және картография мемлекеттік бюросы Табиғи ресурстар министрлігіне біріктірілетін болады.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық орта министрлігі болып, ал Ауыл шаруашылығы министрлігі - Ауыл шаруашылығы және ауыл істері министрлігі, Денсаулық сақтау және жоспарлы бала туу істері мемлекеттік комитеті - Гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті болып өзгертіледі.
Бұдан бөлек, Мәдениет және туризм министрлігі, Банктік сақтандыруларды басқару және қадағалау комиссиясы, Апаттық басқару министрлігі, Азық-түлік және материалдық резервтер мемлекеттік басқармасы, Нарықты бақылау мемлекеттік басқармасы, Ғылым және технологиялар министрлігі, Әділет министрлігі, Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау мемлекеттік басқармасы, Қадағалау ұлттық комиссиясы, Радио және телехабар тарату бойынша бас мемлекеттік басқармасы құрылады.