Қытайда әскери ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шэньси провинциясында әскери ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы 'Хуашан ван' интернет-порталы хабарлайды.

Куәгерлердің хабарлауынша, ұшақ ұшып бара жатқанда өртке оранып, алқапқа құлаған. Оның сынықтары түскен жерде от шыққан. Тілсіз жауды ауыздықтауға 4 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды.

Жергілікті полицейдің айтуынша, ұшақ бортында болған екі ұшқыш та қаза тапты.

Ұшақ моделіне, апат себебіне қатысты және өзге де ақпараттар айтылмады, деп жазады ТАСС.