«ҚХР-дың Ганьсу өлкесі Ақсай-қазақ автономиялық ауданындағы «Армантау» мәдени бірлестігі (www.armantaw.com) жергілікті Мәдениет және спорт жөніндегі орталықпен бірлесе отырып асық атуды үйрету курсын ашты. Қазақ ойынының осы түрін кеңінен тарату Қытайдағы Уичат (WeChat мессенджері) желісі арқылы жүргізіледі», - деді ол.
Салтанатты ашылу рәсіміне автономиялық ауданның басшылығы және 500 қыз бен ұл қатысты.
Еске сала кетсек, Ақсай-қазақ автономиялық ауданында 3 мыңға жуық қазақ мекендейді, ал Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде бір миллионнан астам қазақ диаспорасы тұрады.