Қытайда атақты қолбасшы, билеуші және ақын Цао Цаоның қабірі қазылды
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Жылнамаларға сәйкес, Цао Цао /155-220/ ІІІ ғасырда Қытайдағы ең көсем саясаткер болған. Сондай-ақ, оның есімі біздің «кімді айтсаң, сол келеді» дегенге саятын «Цао Цао туралы айтып еді, өзі де келді» деген мақалдың арқасында бүгінге жетіп отыр, дейді мамандар.
Орталық Қытайдың Хэнань провинциясындағы Аньян қаласының маңындағы қазылған қабірден үш адамның денесі табылып отыр. Солардың біреуі - 60 жастың шамасындағы ер азамат - атақты қолбасшы болуы мүмкін деп пайымдауда ғалымдар. «Чайна дели» басылымының жазуынша, археологтар ол жерден 250 шақты алтын, күміс және қыш бұйымдар тапты. Олардың кейбіреулерінде «Вэй билеушісі қолданған» деген жазу бар. Вей - Цао-Цао негізін қалаған мемлекет.