Қытайда әуе шары құлап, оқиға салдарынан үш шетелдік опат болды

АСТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігінде әуе шары құлап, оқиға салдарынан үш шетелдік турист опат болды,

 деп   хабарлайды   ҚазАқпарат  «РИА  «Новости» агенттігіне  сілтеме  жасап.

Жергілікті    өкіметтің мәліметтері  бойынша,  оқиға  сәрсенбі  күні   Қытайдың  Гуаньси-Чжуан  автономиялық   ауданының  Гуйлинь  қаласына   жақын   жерде орын алған.   Апат кезінде әуе  шарының  кәрзеңкесінде  бес  адам болған.   Екі адамның   жағдайы  туралы   әзірге ақпарат      жоқ.    Дерек көз сондай-ақ,   қаза тапқандардың  ұлттарын   да нақтыламаған.  Әзірге  оқиғаның себебі мен басқа     мән-жайы  туралы  ешқандай  мәлімет   айтылмай  отыр.