Қайғылы оқиға Сяньян қалалық округінің Чуньхуа уезінде орын алды. Апат кезінде 25 адам оқиға орнында жантәсілім етсе, тағы бесеуі ауруханаға барар жолда көз жұмған. Зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді. Олардың саны әзірге нақтыланбауда. Полиция көлік апатының себептерін тергеуді бастады.