Қытайда автобус аударылды: тоғыз адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Гуйчжоу провинциясында көлік апаты болды, салдарынан тоғыз адам қаза тауып, 11 адам зардап шекті.

Бұл туралы «Синьхуа» хабарлады.

Апат сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 21.00-де орын алған. 39 адам мінген  автобус тас жолда қырымен аударылып кетті. Төрт адам оқиға орнында,  бесеуі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Сондай-ақ төрт жолаушы ауыр жарақат алды.