БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында автобус аударылып, 27 адам қаза тапты. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы (CCTV) ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін таңертең Гуйчжоу провинциясында жоғары жылдамдық рұқсат етілген тас жолда жолаушылар автобусы аударылып, 27 адам қаза тапты. Тағы 20 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Апатқа ұшыраған автобуста 47 адам болған.
Жол апатының себептері туралы мәлімет жоқ.
Ашық көздерден алынған фото
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.