Бұдан бұрын «Синьхуа» агенттігі төрт адам қаза тапты деп мәлімдеген болатын. Нақты деректер бойынша, оқиға болған кезде автобуста 37 адам болған. Жол-көлік оқиғасы жергілікті уақытпен таңғы 9.00-де орын алды.
Зардап шеккендердің барлығы ауруханада, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Оқиға болған жерде жедел қызмет ететін ведомствоаралық топ жұмыс істеп жатыр. Тергеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның себептері анықталуда.