Басылымның деректеріне сай, 12 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:55-те Шэньян қаласының Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының орталығына Хуангу ауданында келе жатқан 232 автобуста жарылыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті.
«Хуанцюван» сайтында әйнектері сынып, сырты зақымданған жолаушылар автобусының суреті жарияланған.
Соңғы деректерге сәйкес, жарылыс салдарынан бір адам көз жұмған, екі адам ауыр, 40 адам жеңіл жарақаттар алған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді.
Жарылыстың неден болғаны анықталып жатыр.