Қытайда автобус жол апатына ұшырап, сегіз адам қаза тапты

АНЬХОЙ. ҚазАқпарат – Қытайдың шығысындағы Аньхой провинциясыда болған жол-көлік апаты салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы сегізі түрлі жарақаттар алды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, оқиға дүйсенбі күні сағат 22:11-де Мааньшань ауданында орын алған. Ол жерде автобус пен жүк көлігі соқтығысты.

Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Көліктердің соқтығысу себебі анықталуда.