Қытайда автобус жолаушысының қолындағы смартфон жарылды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Сычуань провинциясының Наньчун қаласында автобустардың біріндегі бақылау камерасына әйел адамның қолына ұстап тұрған телефонның қалай жарылғаны түсіп қалған. YouTube порталына жарылыс бұл видео жарияланды, деп жазады The Independent.

Ұялы телефонмен болған кезекті ТЖ осы жолы Қытайда орын алды. Бақылау камерасының кадрларында автобус жолаушыларының бірі телефонмен сөйлесіп болып, оның батарейін ауыстырмақ болғаны көрініп тұр. Алайда оның қолындағы телефон жарылып кеткен. Бұл оқиғадан кейін шошынған жолаушылар автобустан қаша бастаған.

Жергілікті басылымдардың мәліметтеріне сәйкес, абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Сынчуань провинциясының билігі арзан ұялы телефондарды сатып алмау керектігін кезекті рет еске салды.