Қытайда автобус жыраға құлап, жолаушыларының бәрі опат болды

БЕЙЖІҢ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытайда автобустың апатқа ұшырауынан 12 адам көз жұмды.

Оқиға сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:50-де Қытайдың оңтүстік-батысындағы Малутан қаласында орын алды.

Ауылдық жолға түскен автобус 100 метрлік жыраға аударылып түсті. Ішіндегі жолаушыларының бәрі тегіс опат болды. Жергілікті билік өкілдері жол-көлік оқиғасының себептерін анықтауда.