Қытайда аяқ киім фабрикасы ғимараты қирап, 9 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысындағы Чжэцзянь провинциясында аяқ-киім фабрикасы қирап, тоғыз адам қаза тапты. 30-дан астам адам жарақат алды, деп хабарлады жергілікті билік өкілдері.

Оқыс оқиға сенбілік жұмыс ауысымында орын алған. Сондықтан қираған ғимарат астында ондаған адам қалған, деп хабарлады Би-би-си. Ғимараттың құлау себептері әзірге белгісіз.