Қытайда азиялық саяси партиялардың кедейлікке қарсы күрес жөнінде халықаралық конференциясы өтеді

None
БЕЙЖІҢ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Шілденің 14-і мен 18-і аралығында Юньнань оңтүстік қытай провинциясының Куньмин қаласында азиялық саяси партиялардың кедейлікке қарсы күрес жөнінде халықаралық конференциясы өтеді. Бұл туралы сәрсенбі, шілденің 7-сі күні Бейжіңде өткен баспасөз конференциясы барысында Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті халықаралық бөлім министрінің орынбасары Ай Пин мәлімдеді.

Ай Пиннің сөзіне қарағанда, Қытай Азия саяси партиялары өз күш-жігерлерін кедейлікке қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасуға, іскерлік ынтымақтастықтың нығаюына және БҰҰ-ның «Мыңжылдықтарды Дамыту мақсаты» бағдарламасы аясында адамзаттың ғаламдық мәселелерін шешуге халықаралық қоғамдастықтың назарын аудартуға жұмсайды деп үміттенеді.

«Бұл ортақ жауапкершілік және конференцияның күн тәртібімен тығыз байланысты болып отырған мәселелер - кедейлік ауқымын азайту мен адамдардың хал-ахуалын жақсарту үшін Азия саяси партияларының маңызды міндеті», - деп атап өтті Ай Пин.

«Орталық Азия саяси партиялары азиялық саяси партиялардың халықаралық конференция қызметіне де атсалысады. Осыған байланысты «Нұр Отан» ХДП белсенді рөлін айтап айтқым келеді, осы партияның күш-жігері арқасында былтырғы жылы Қазақстанда Азия саяси партиялар халықаралық конференциясының V Бас Ассамблеясы өтіп, Астана декларациясы қабылданған болатын», - деп атап өтті Ай Пин.

Конференцияға Латын Америкасы және Африкадан келетін бақылаушы мемлекеттерді қоса алғанда, 36 елден келетін 66 саяси партиялардың 90 өкілі қатысады.