Қытайда бала саудагерлерінің ірі арнасы жойылды

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Қытай құқық қорғау органдары бала саудагерлерінің ірі арнасын жойды.

Елдің бірнеше аймақтары бойынша ұйымдастырылған кең ауқымды шаралар барысында шашамен 400 адам тұтқындалды, олардың көбі - въетнамдықтар, деп хабарлайды Euronews.

Нәтижесінде 89 бала тұтқыннан босатылды, олардың ең кенжесіне 10 күн де толмаған, ал ең үлкені - 4 жаста. Балалардың біразы ұрланған, алайда олардың арасында ата-анасы сатып жіберген балалар да бар.

«Қылмыскерлер бизнесін аса кәсіби негізде қалыптастырған. Мәселен, шекаралық өзендерді кешіп өтерде қолында бала бар екенін хабарлау үшін олар ұялы телефон емес, шамдар мен алаулар пайдаланған. Көп жағдайда бұл арнаның въетнамдық мүшелері өз жұмысын Қытай шекарасына кірмей-ақ жалғастыра білген», - дейді ҚХР Қылмыстық зерттеулер бюросының төрағасы.

Қатаң жазалауға қарамастан, Қытайда адам саудасы тыйылар емес. Сарапшылардың пікірі бойынша, оған «бір отбасы - бір бала» саясаты себеп болып отыр. Дәстүрлік құндылықтарды ұстануға бейім отбасында міндетті түрде ұл бала болуы керек және оның қыз болуы мүмкін деген қауіппен өздері туғаннан көрі, сатып алу әлде қайда жеңілірек. Ал отбасында бірнеше баласы бар ата-ана құрсағынан шыққан ұрпағын сатып жіберуге әркез дайын.