Ағымдағы жылдың қазан айында Бейжіңде, Цзилинь, Гуандун, Шэньси провинциялары мен Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданында өткізілген арнайы операция барысында 28 бала құтқарылып, 12 қылмыстық топ жойылды.
ҚХР ҚҚМ-нің ресми өкілі Хуан Шихайдың айтуынша, қылмыскерлер Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданынан балаларды ұрлап, оларды Қытайдың Бейжің, Шанхай, Чанчун және Чанша сияқты ірі қалаларында ұрлық жасауға мәжбүрлеген.
Аталған операция 2011 жылдың сәуір айында басталып, ағымдағы жылдың аяғында аяқталатын балаларды ұрлауға қарсы күрес шарасының бір бөлігі ғана болып табылады.
Қытайлық полиция бала ұрлаумен айналысатын қылмыстық топтардың 2749 мүшесін қамауға алды, осы кампания барысында полицейлердің арқасында 2274 бала құтқарылды.