Қытайда бамбуктан пернетақта шығарыла бастады

БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат - Қытайлық компьютер жасаушылар бамбуктан пернетақта жасау өндірісін бастады, ал маусым айына қарай олар нарыққа бамбуктан жасалған тінтуірлер (мышка) мен USB-тасымалдағыштарын шығарғалы отыр,

деп хабарлайды China Daily басылымы. Компьютердің «электрондық ішек-қарындары» орындарында қалады, бірақ олардың панельдері, пернетақталары бамбуктан жасалады. Аспанасты инженерлері бұл жаңалықты жүзеге асыруға үш жыл уақыттарын жұмсады. Морт сынғыш бамбуктың қаріптер теру кезінде ұзаққа шыдамауы бастапқыда ғалымдарға үлкен проблема туғызған. Бірақ бұл мәселені шешкен қытайлықтар, оның құпиясын ашпай отыр. Алайда бамбуктан жасалған пернетақтаның қолданыстағы «пластик ағайындарынан» кем еместігі анық, дейді олар.