Қытайда белгісіз біреу 18 мектеп оқушысы мен оқытушыны бауыздап кетті

АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат - Қытайда белгісіз біреу 18 мектеп оқушысы мен оқытушыны бауыздап кетті. Қайғылы оқиға Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы бастауыш мектепте орын алған. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Бүгін ертеңгісін «Синьхуа» агенттігі 2010 жылы наурызда Қытайдың Фуцзянь провинциясында 8 мектеп оқушысын бауыздап, бесеуін жаралаған адамға қатысты өлім жазасының орындалғанын хабарлаған еді. Бұл оқиға наурыздың 23-і күні Нанпинг қаласының бастауыш мектебінің алдында өткен. Мәлім болғаны, қайғылы оқиғаның орын алуына 42 жастағы азаматтың махаббаттағы сәтсіздігі түрткі болған.