Қытайда белгісіз біреу мектептің кіреберісінде балаларға пышақ салған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбіде Хайнань оңтүстік провинциясының әкімшілік орталығы - Хайкоу қаласының бастауыш мектебіне кіреберісте белгісіз біреу күтпеген жерден пышақпен балаларға шабуыл жасаған, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Балалар түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Тамағынан жараланған бір қыз баланың жағдайы аса ауыр, делінген хабарламада.

Куәлердің айтуынша, шабуылдаған адамның жасы 30-40 шамасында. Ол оқиға орнынан қашып үлгерген.

Полиция қылмыскерді іздестіріп жатыр.