Мұндай мәліметтерді бүгін ҚХР азаматтық әкімшіліктің министрлігі жариялады, деп жазды ИТАР-ТАСС.
Ведомствоның берген ақпаратына зер салсақ, құйындатқан нөсерлі жаңбырдың салдарынан 36 мың тұрғын үй қирады, ауыл шаруашылық алқаптарының 188 мыңнан астам гектарына шығын келтірілді.
Айта кетейік, табиғаттың бұл «тосын» мінезінен ҚХР-ның солтүстік және солтүстік-шығыс өңірлері айтарлықтай зардап шекті. Келтірілген экономикалық шығын шамамен 1,69 млрд. долларды құрады.