Ақ көйлек киген Вэй басқа мерекелік қойылымдар басталғанша, арнайы платформада пйналып тұрды. Оның бұл әрекеті уақыттың ағымы мен жыл уақытының ауысуын бейнелеген. Дегенмен, бишінің ұл нөмірі интернетте біраз дау тудырды. Көп адамдар мұны қатігездікке балады.
Вей бұл нөмірін «медитацияның» бір түрі деп мәлімдеді. Ол өзінің блогына: «Кей адамдар менің мерекеде төрт сағат бойы шыр көбелек айналғанымды қатігездікке балапты. Бірақ бұл мен үшін рухани тәжірибе болды. Біреулер Эверест шыңына шығып мықтылығын дәлелдейді. Ал мен адам мүмкіндігінің шексіздігін дәлелдегім келді. Құдайдың маған төзім бергеніне алғысым шексіз», - деп жазыпты.
Атап өтейік, бұл концерт тікелей эфирде таратылды. Жас қыздың биін бүкіл ел бойынша 704 млн. халық бақылап отырған.