«Азиялық Давос» мәртебесінен үміткер форум өзінің он жылдығын атап өтіп отыр. Осы уақыт ішінде ол Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық ынтымақтастық пен жаңару процестері талқыланатын, үкіметтік, іскерлік және ғылыми топтар арасындағы ықпалдастықты нығайту мәселелері әңгіме өзегіне айналып отыратын аренаға айналды.
ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао Боао азиялық форумы-2011 жыл сайын өткізілетін отырысын ашып берді. Боаодағы форум «Инклюзивті даму» ұранымен өткізіліп отыр. Мерейтойлық азиялық форумға 1 400-ге жуық саяси қайраткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысуда.
Биылғы кездесудің қатысушылары арасында - Ресей Президенті Дмитрий Медведев, Бразилия Президенті Дилма Роуссеф, ОАР Президенті Джейкоб Зума, Корея Республикасының Премьер-министрі Ким Хван Сик, Испания Премьер-министрі Хосе Луис Родригес Сапатеро мен Украина Премьер-министрі Николай Азаров бар.