Қытайда болған су тасқынынан 67 адам мерт болды
07:09, 10 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат -Маусым айының соңында болған Хунань провинциясындағы су тасқынынан 67 адам мерт болып, тағы 16 адам із-түссіз кеткендер тізіміне кіріп отыр. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.
Провинциядағы табиғи апат соңғы 60 жыл бақылауда болған ең ірісі саналып отыр. 22 маусымнан 1 шілдеге дейінгі уақытта жылдық жауын-шашын көрсеткішінің 31,8 пайызы немесе 4611 миллиметр түскен. Апаттан 12 млн адам зардап шекті.