Биылғы кездесу Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкою Зуманың қатысуының арқасында алғаш рет «бестік» форматында өткелі отыр.
Естеріңізге сала кетейік, BRICS тез дамушы бес елден: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасы елдерінен тұратын топ (BRICS -Brazil, Russia, India, China, South Africa).
Бүгін саммиті қарсаңында, BRICS елдері банкаралық бірлестігінің жылдың кездесуі ашылады. Оның барысында екі құжатқа қол қойылады деп күтілуде. Біріншісі, BRICS елдерінің қолданыстағы банкаралық ынтымақтастық жүйесіне Оңтүстік Африканы қосу мәселесіне қатысты болса, екінші құжат банкаралық ынтымақтастық тетігінің аясындағы қаржылық өзара іс-қимылдар туралы негізгі келісім.
Тараптар BRICS елдерінің қаржылық ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға және нығайтуға қатысты мәселелерді талқыламақ.
Бүгін сондай-ақ BRICS елдерінің бизнес-форумы өтеді, оған бес елдің қаржылық құрылымдары мен іскер топтарының өкілдері қатысады.
Қытай Төрағасы Ху Цзиньтаоның шақыруы бойынша саммитке Бразилия Президенті Дилма Роуссефф, РФ Президенті Дмитрий Медведев, Үндістан Премьер-министрі Манмохан Сингх және Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкоб Зума қатысады.