Оған Бразилияның Ұлттық әлеуметтік-экономикалық даму банкі,Ресей Сыртқы экономикалық банкі, Үндістан эксимбанкі, Қытай Мемлекеттік даму банкісі мен Оңтүстік Африка Даму банкісінің басшылары қатысты.
Форум қатысушылары атап өткендей, банкаралық ынтымақтастық аясындағы қаржылық өзара іс-қимыл туралы шектемелі келісім БРИКС елдерінің үкіметаралық бірлескен алғашқы жобасына айналмақ. Аталмыш келісімге 14 сәуір күні БРИКС елдері көшбасшыларының қатысуымен қол қойылады.
БРИКС (BRICS) - бес жедел дамып келе жатқан елдердің тобы Бразилия , Ресей , Үндістан , Қытай , Оңтүстік Африка Республикасы (Brazil, Russia, India, China, South Africa).