Азаматтық әкімшілік министрлігінің хабарлауынша, апат салдарынан соңғы күндерде 838 мың адам зардап шекті.
Табиғи апат аймағына 42 қала және Чунцин муниципалдық құрылымы және Цзянси, Хубэй, Хунань және Гуйчжоу процинциялары тап болды. Кемінде 150 мың адамға шұғыл көмек қажет.
Хунань провинциясының билігі бейсенбіден жұмаға қараған күнгі апат салдарынан үш жергілікті адамның қазаға ұшырағанын қуаттады. Бұдан бұрын сәрсенбі күні Гуандун оңтүстік провинциясында теннис добының үлкендігіндей бұршақтың салдарынан тоғыз адам мерт болды.
Зардап шеккен аймақтардағы тікелей экономиялық залал 590 млн. юаньды (95 млн. АҚШ доллары) құрайды.