Жыртқыштың қалдықтары Юннань провинциясының оңтүстік-батысынан табылған. Палеонтология маманы Донг Жиминнің сөзіне қарағанда, динозаврдың бұрын белгісіз болған бұл түрі Қытай аумағын 180 млн. жыл бұрын мекендеген.
Ғалымдар журналистерге табылған динозаврдың ұзындығы 120 см және биіктігі 70 см. болғанын, сонымен қатар, оның ұзын мойны мен өткір тістері болғанын айтады. Зерттеу жұмыстары жалғасуда.