Ляо Шаохуа Люпаньшуй қаласының мэрі және 2004-2012 жылдары Цяньдуннань уезінің партиялық хатшысы қызметін атқару уақытында жалпы сомасы 13,2 млн. юань (2,1 млн. доллар) көлемінде пара алғаны үшін айыпты деп танылды. Бұдан басқа, оның қызметтік өкілдігін теріс пайдалануы салдарынан мемлекет бюджетіне салықтық аударым түріндегі 3,1 млн. юань түспеген.
Сот сотталушының 1,3 млн. юань (209мың доллар) қаражатын тәркіледі. Үкім сотталушының ісіне өкініш білдіруі және оның заңсыз тапқан мүлкінің бөлігін қайтаруы ескеріліп шығарылды.