Қытайда Димаштың домбырасы 1,8 миллион теңгеге сатылды

Фото: None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің домбырасы қытайда 35 мың юаньға (1806000 теңге) сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарт  тілшісі.

Қытайлық sina.com порталының хабарлауынша, Домбыраны «Smile Angel Foundation» қайырымдылық қоры аукцион арқылы сатып, барлық қаражатты қордың «smile angel hospital» емханасындағы көмекке мұқтаж балаларға жұмсамақшы.
 

Айта кетейік, Димаш көмекке мұқтаж балаларға көмек көрсету үшін, домбыраны 19 қыркүйек күні «Smile Angel Foundation» қайырымдылық қорына сыйлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар