Көрмені ұйымдастыру туралы идея Медведевтің Хэфэеде - ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьерінің туған қаласында Қытайдың ғылым және техника университетіндегі студенттермен кездесуінен кейін туды. Ресейлік премьердің фотожұмыстары студенттердің қызығушылығын туғызған еді. «Соның нәтижесінде, сіздер көріп отырған фотосуретер Қытайдың фотосуретшілер қауымдастығының сұрауымен бірнеше қытайлық басылымдарға жолданған болатын», - деді РФ вице-премьері Аркадий Дворкович.
08:47, 11 Сәуір 2014
Қытайда Дмитрий Медведев түсірген суреттердің көрмесі өтуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боаодағы Азия экономикалық форумына қатысушылар Ресей Премьер-Министрінің әр уақытта түсірген суреттер көрмесінің ашылу салтанатының құрметті қонақтары болды. Биыл жыл бойы «Әлем Дмитрий Медведевтің көзімен» фотоэкспозициясы Қытайдың ірі университеттері, сондай-ақ, аспанасты елінің ірі халықаралық алаңдарында таныстырылады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.