Агенттіктің хабарлауынша, осы уақытта оқиғаға байланысты адамдарды іздестіру жұмыстары аяқталды.
Екіқабатты қонақүй сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:40-та Қытайдың Шаньси провинциясына қарасты Линьфэн қалалық округіндегі Сяньфэн уезінде болған. Апаттың неден болғандығы әзірге анықталған жоқ.
Агенттіктің хабарлауынша, іздеу-құтқару жұмыстары жексенбіге қараған түні аяқталған.
Құтқарушылар қирандылардың астынан 57 адамды тапқан, олардың 29-ы мерт болған. 7 адамның жарақаты ауыр, 21 адам жеңіл жарақат алған. Осы кезде ауыр жараланғандардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Құтқару операциясы аяқталған соң оқиғаның себеп-салдарын анықтау жөніндегі комиссия құрылды.