2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Қытайда электр стансасының опырылып құлауы салдарынан зардап шеккендер саны 67 адамға жетті

Цзянси провинциясы (Шығыс Қытай) Фэнчэн қаласындағы электр стансасы салқындату мұнарасының құрылыс құрылғыларының опырылуы салдарынан зардап шеккендер саны 67 адамға жетті.

 Бұл туралы "Чжунго Цзянсиван" жергілікті ақпарат порталы хабарлады.

Бұдан бұрын 40 адамның қаза тапқаны мәлім болған. Бір адам әлі табылмаған, іздеу-құтқару операциясы жалғасуда.

Құтқару жұмыстарына 32 өрт сөндіруші, тоғыз арнайы үйретілген ит, сондай-ақ екі робот-құтқарушы тартылған.