Бұл саңырауқұлақ қытай медицинасында 2000 жылдан астам пайдаланылып келе жатқан Ганодерм түріне жатады. Оның салмағы 64 келі. Егер бұл саңырауқұлақтың ұнтағының 250 грамы 30 доллар тұрса, бұл саңырауқұлақтың құны 7 680 долларды құрайды.
Саңырауқұлақты қан қысымын төмендету және аллергия белгілерін азайту, жөтел, демікпе кезінде пайдаланады. Өсімдік тіпті кәрілік үрдісін баяулатады дейді кейбір ғалымдар.