Қытайда ең ірі су, күн электр станциясы іске қосылды

ЧЭНДУ. ҚазАқпарат – Қытайда жексенбі күні ең ірі су, күн электр станциясы іске қосылды. Ол Сычуань провинциясының (оңтүстік-батыс Қытай) Ганьцзы-Тибет автономялық ауданында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Яцзян округіндегі «Кэла» күн электр станциясы «Лянхэкоу» су электр станциясының гибридті гидрокүн жобасының бірінші кезеңінің бөлігі ретінде салынған. Бұл - әлемдегі ең үлкен және ең биік су, күн электр станциясы.

Станцияның жалпы ауданы шамамен 1667 га, ал орнатылған қуаты - 1 млн кВт. Ол жылына орта есеппен 2 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндіруге қабілетті, бұл көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына 1,6 миллион тоннаға азайтады.


«Лянхэкоу» ГЭС-і Ганьцзы -Тибет автономиялық ауданындағы Ялунцзян өзенінде орналасқан және жобалық қуаты 3 млн кВт.

Ялунцзян өзенінің бассейні Қытайдың таза энергия базаларының бірі саналады.